Татуластыру – тағылымды іс

Қазақ ежелден мәмілегер халық, кез-келген мәселені келісіммен шеше білген. Елбасының “Ел бірлігі – ең асыл қасиет” деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.

Осы орайда, «Түркістан облысы мен Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанында “Татуласу орталығы” жұмыс істеп отыр. Былтыр осы орталыққа медиациялық процеспен дауларын шешуге 282 азамат келіп, барлығы бітімгершілікпен сәтті аяқталды.

Сондай-ақ, орталықта 188 адамға психологиялық көмек көрсетіліп, жалпы 470 адамға қолдау білдірілген. 2018 жылы “Медиацияны дамыту орталығы” және “Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы” РҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысы өкілдігінің директоры Лаура Ақшегіроваға “Жылдың үздік директоры” номинациясы табысталып, 2017 және 2019 жылдары орталық “Үздік өкілдік” номинациясына ие болған. 2020 жылдың қаңтар айында Медиация орталығы халықаралық статусқа ие болып, орталықтың атауы “Халықаралық Медиация орталығы” болып өзгерді.

2019 жылы Шымкент каласы бойынша 4-аудан әкімдігі, 18 басқарма , салалық кәсіподақтар және «Медиацияны дамыту орталығы» арасында Меморандумга кол қойылды. Сол меморандум негізінде қала бойынша 40 мыңнан астам кызметкерді медиация заңымен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыншама жетістіктерімізге куә болып отырған өзге аймақтардың біршама “Татуластыру орталығының” қызметкерлері өңірімізге келіп, тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Шымкент қаласында төрт аудан болса, сол аудандардың барлығына қарасты Полиция басқармаларында “Татуластыру орталығының” фронт офисі жұмыс істеп жатыр. Қарқынды жұмысты тоқтатпай, бірнеше мекемелермен де меморандум түзіп үлгерді.