Қызылордада салалық кәсіподақтар бірлестіктері төрағаларымен кезектен тыс Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына және 2020 жылғы 16 наурыздағы ҚР кәсіподақтар федерациясының жасаған Үндеуіне байланысты Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов басшылығымен салалық кәсіподақтары бірлестіктерінің төрағаларымен кезектен тыс Үйлестіру кеңесі отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша үйлестіру кеңесінің мүшелеріне кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста болып еңбек құқықтары қорғалуын назарда ұстауды, алдын ала жоспарланған кездесулерді, жиындарды кейінге қалдырып тоқтатуды тапсырды. Сонымен қатар, санитарлық профилактикалық мәселелері жан-жақты талқыланып тиісті тапсырмалар беріліп бүгіннен бастап барлық салалық кәсіподақ басшыларының қатысуымен бір айға кезекшілік үйымдастырылды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап, жұмыс барысындағы мәселелер мен жағдайлар онлайн режимде жүргізілетінін ескертті.