Еңбек адамының денсаулығы – Ақтөбе кәсіподақтарының басты міндеті

«Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиевтың жетекшілік етуімен салалық кәсіподақтардың облыстық ұйымының және филиалдарының төрағаларымен кезектен тыс Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Басты тақырып – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы аясында және де 2020 жылғы 16 наурыздағы ҚР Кәсіподақтар федерациясының жасаған Үндеуі мен Өкіміне байланысты алдын-алу мәселелері талқыланды.

Салалық кәсіподақ басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Салалық кәсіподақ басшылары ҚР Кәсіподақтар федерациясының Үндеуінде және Өкімде көрсетілген тапсырмаларға сай нақты келісімге келіп, тиісті міндеттемелер алды. Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар орталығында бастауыш кәсіподақтармен тығыз байланыс орнату қолға алынып, Үндеуде көрсетілгендей, жұмысшылардың жұмыстан шығарылуын болдырмауға, еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеуді бақылау күшейтілетін болды.

Тәулік бойына жұмыс жасайтын тікелей байланыс телефондары 8/7132/545-541, 545-677 іске қосылғаны хабарланып, кезекшілік кестесі бекітілді.

Төтенше жағдайға байланысты Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығында салалық кәсіподақтардың облыстық ұйымының және филиалдарының төрағаларынан құрылған (барлығы 10 адам) жедел штаб жұмысын бастады.