Әлеуметтік жауапкершілік таныту маңызды

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейту мақсатында 2020 жылғы 16 наурызда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесі өтіп, тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық кәсіподақтар қызметкерлері толық қамтылған құрамдағы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша бірлескен жедел штабы құрылды. Олар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуге атсалысумен қатар, еңбек қатынастарына байланысты өңірдегі мекемелердің кәсіподақтар ұйымдарындағы қызметкерлер мен жұмыскерлер құқықтарының сақталуын бақылауда ұстайды және қашықтықтан байланысу арқылы құқықтық көмек көрсетеді.

Жедел штабтың шұғыл байланыстары мен мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 үй, 25 кабинет (мәжіліс залы), телефон: (87252) 539568 және whatsapp: +77071910311, кәсіподақтар орталығының Фейсбук әлеуметтік желісінің парақшасы: «Профцентр Шымкент» https://www.facebook.com/profile.php?id=100024130492477, электрондық поштасы: shym_profsoyuz@mail.ru. Штаб жұмысы кезекшілік кестесіне сәйкес ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, барлық қызметкерлерге:
– қашықтықтан жұмыс жасау түріне ауысқан кезде әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қатаң шараларын орындау;
– коронавирустық инфекцияның алдын алу нұсқаулықтарын қатаң сақтау;
– жөтел (ОРВИ) белгілері білінсе жұмысқа келуден бас тарту, шұғыл дәрігерге бару, әрі қарай қажет болса толық айыққанша еңбекке жарамсыздық парағын аштыру;
– көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тарту;
– қол алысып амандасудан, сүйісуден, құшақтасудан және басқа да өзара физикалық қатынаста болудан бас тарту жауапкершіліктері жүктелді.