“Қиындықты бірлесіп қана еңсереміз!”

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” РКБ Ақтөбе облыстық филиалы сала мамандарына қорғаныш бетперделері мен азық-түлік және дезинфекциялау құралдарын табыс етті.

Медицина саласының 70 ардагері мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетілді.

-Бұл іс-шара ҚР Кәсіподақтар федерациясының үндеуінде «Ауызбіршілік танытып, медициналық қызметкердің жұмысына көмектесуді қолға алып, қиындықты бірлесіп қана еңсере аламыз. Бірлескен іс-қимылдарымыз азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын, өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал ететініне сенімдіміз» деп атап көрсетілгендей, біз де ақтөбелік медицина қызметкерлеріне өз үлесімізді қосуды парыз санаймыз, – дейді кәсіподақ жетекшілері.

Азық-түлік пакеттері бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілеріне де табыс етілді. Өңірде 23 мыңнан астам мүшесі бар салалық кәсіподақтың 57 мецициналық мекемеде бастауыш ұйымдары бар.