Сақтық шараларын күшейту талаптары жалғасын табуда

Әлемді шарлаған Коронавирус инфекциясының алдын-алу, елде таралмауы шаралары облыс өңірінде күшейтілуде.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық ұйымдарда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру жөнінде актілер қабылданды. Бұған дейін, облыстық кәсіподақтар орталығымен құқықтық қызмет көрсету мақсатында мамандарының байланыс телефондарын ұсынған болатынбыз. Қазір онлайн режимінде кеңес беру, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Онлайн видео конференциялар, жұмысшылардың тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беріліп, көмек көрсетілуде.
Бүгінгі таңға, облыстағы барлық кәсіподақтарының бастамаларымен жұмыс берушілер мен бірлесіп еңбек ұжымын вирусқа қарсы сақтық шараларын сақтау мақсатында маскалармен, резина қолғаптарымен және залалсыздандыру сүйықтықтармен қамтамасыз етіліп отыр.
Бүгін Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподағы орталығының төрағасы С. Сермағамбетов облыстық білім қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп қаламыздағы Тәкей Есетов атындағы №264
мектеп-лицейінде болып, қызметкерлердің жұмыс жүргізу режимімен танысып, ахуалды бағамдады. Осындай жұмыстарды алғашқы болып бастағандар «Казпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда қаласының «Қызылорда жылу электроорталығы» МКК –ны, Қызылорда қаласының автобус паркінде жүруде.