Ақтөбеде кəсіподақ мүшелері коронавирусқа қарсы шараларға үлес қосуда

Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен Алақай қуыршақ театрының ұжымдары “Біз біргеміз!” республикалық шарасына өз қолдауларын танытуда.

Екі театрда 210-нан астам бастауыш кəсіподақ ұйымының мүшелері бар. Оларға арнап өздерінің тігін цехтары медициналық бетперделер тікті. Көп қолдануға арналған бетперделер алдымен өз қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне берілді. Театр ұжымдары дистанционды жұмыс тəртібіне көшсе де, шығармашылық ізденістерін тоқтатпаған.