Кəсіподақ мүшелері кітапхананың зейнеткер оқырмандарын тегін бетпердемен қамтуда

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған “Сырғалым” эстетикалық клубы қыздарға кітап оқуды дәріптер қана қоймай тігін тігу, ас мәзірі, сән үлгісі, т.б өнер түрлеріне баулып келеді. Клуб жетекшісі кітапханашы Бибігүл Шәмеденова бұл жолы медициналық бетперде тігуге кірісті. Елде жарияланған пандемия кезінде де арнайы шыт матасынан маска тігуде. Ал, кітапхана мамандары оны кітапхананың қарт оқырмандарының үйіне тегін жеткізіп беруде.