Еңбек адамының құқығы – басты назарда

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясы үндеу жариялап, онда жұмысшылардың құқықтары бұзылған жағдайда хабарласу үшін кәсіподақтар орталықтарында сенім телефондарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету жайы нақты жүктелген еді. Осыған байланысты Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы жанынан өңірлік жедел штаб құрылып, сенім телефоны іске қосылған болатын.

Осы жедел желіге Ақтөбе тұрғындарынан сауалдар келіп түсуде. Олардың дені еңбек заңнамасының сақталуына қатысты. Мәселен, ақтөбелік тұрғын жуырда жұмысқа орналасқанда онымен еңбек шарты жасалмағандығын айтты.

Тағы бірі төтенше жағдай кезінде жұмыс берушінің еңбек демалысына жібергенін, оның қаншалықты заңды екенін сұрады. Байланыс телефонына келіп түскен сауалдарға нақты жауап беріліп, оларды толғандырған мәселелер нақты оң шешімін табуда.

“Бұл бастамалар – елдегі коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын іске асыру мен төтенше жағдай кезінде кəсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауға бағытталған нақты қадамдар. Бастысы Кəсіподақтар федерациясының үндеуінде көрсетілгендей қиын кезде жұмыс орындарын сақтау, қарапайым еңбеккерлердің мүдделерін қорғауға атсалысу”ғ – дейді өңірлік жедел штаб өкілдері.

Қызметкерлерді жұмыстан босату, жалақыны төлемеу, еңбек жағдайының нашарлауы, еңбек заңнамасының бұзылуы т.б. болдырмау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнатылып отыр.

Ақтөбеліктер сенім телефондарын әлеуметтік желілер арқылы да біліп, бүгінде жиі хабарласуда.

Кәсіподақ ортылығына келіп түскен барлық сауалдар жіті бақылауда.