Кәсіподақ жастары зейнеткерлерге көмек көрсетті

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде егде жастағы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдау маңызды. Коронавирустық пандемия кезінде қарт адамдардың қозғалысы барынша шектеулі болуы тиіс.

Осыған байланысты, “SENIM ” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының Жастар Кеңесі ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету қажеттілігі туралы» үндеуін қолдау мақсатында мереке күндері облыстың денсаулық сақтау жүйесі және еңбек ардагерлеріне, соның ішінде ауруға шалдыққан көмекке мұқтаж қарт адамдарға қолдау көрсетті.

Жастар Кеңесінің еріктілері зейнеткерлерді қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті.

Онымен қоса, Жастар Кеңесінің мүшелерімен зейнет жасындағы қарттарға COVID-19 вирусының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Еліміз үшін бұл ауыр кезеңде күн сайын коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының саны артып, денсаулық пен өмір үшін күресте медицина қызметкерлері алдыңғы қатарда.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы ерекше жағдайларда жұмыс істейтін және COVID-19 тудырған пандемиямен күреске өз үлесін қосқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдіре отырып, оларды қолдау мақсатында облыс тұрғындарын сыртқа және адамдар көп жиналатын орындарға шықпай, үйде болуына шақырады.