Игі іс

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған, Тұрсынбек Қабатов бастаған #БізБіргеміз челленджы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподақтарының өкілдерімен бірге «Жастар бейбітшілік үшін алғыспен» қайырымдылық жасауды жалғастыруда. Бұл жолы ерлі-зайыптылар – соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері Владимир Ким мен Еңбек ардагері Раиса Кимнің өтініші бойынша гараж массивінің аумағында қар жинау жұмыстары ұйымдастырылды.
Ардагерлер жас ұрпаққа өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді:
«Біздің жігерлі және игі еріктілерімізге рахмет! Сіздерге сәттілік тілейміз! Сіздер игі істер жасау арқылы қоршаған әлемді жақсартасыздар!»,-деді тыл еңбеккерлері.

#БізБіргеміз #Келешек #ФПРК #fprk #БізБіргемізКелешек #Бейбітшілікүшіналғыс #Сблагодарностьюзамир