Кәсіподақ коронавируспен тікелей күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау білдірді

Ақтөбе қаласында үш стационарлық мекемеде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен карантинді госпиталь мен уақытша ауруханаға коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында күні-түні дамылсыз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерін «SENIM» денсаулық сақтау саласының кәсіподағы азық-түлік пен жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, 132 жедел жәрдем қызметкеріне әрқайсысына 5 мың тенгеден барлығы 600 мыңнан астам тенге қаржы бөлінді.

-«SENIM» денсаулық сақтау саласының кәсіподағы осы қиын кезеңдегі медицина қызметкерлерінің ерекше жауапкершілік танытқан табандылықтарын бағалап, оларға қолдау танытады. Біз қиын кездерді бірлесіп жеңе аламыз, – дейді кәсіподақ жетекшілері.