Бастысы – жедел көмек көрсету

Бүгін Қарағанды қалалық штабының төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған және ақысыз демалысқа жіберілген кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығынан штаб құрамында жұмыс істей отырып, өтініштер оң және жедел қаралғанын айта аламын.
Штаб күн сайын жұмыс істейді, барлық өтініштер электронды түрде қабылданады, оларды жұмыс берушілер мен қызметкерлер белгіленген түрде бере алады.

ҚҰРМЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР !

Сіз, қалыптасқан күрделі жағдайда, жұмыстан уақытша босаған жұмыскерлердің тізімі мен бірыңғай өтінішін жібере аласыз.
Бірлескен күш-жігермен ғана біз оң нәтижеге қол жеткіземіз !

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕЙМІЗ!

#ФПРК #БізБіргеміз