#Еңбекадамдарынарақмет алғыс айту акциясы аясында: кәсіподақ мүшелері “Батыс Су арнасы” ЖШС еңбеккерлеріне алғыс айтады

#Еңбекадамдарынарақмет республикалық челленджі аясында “Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еліміздегі төтенше жағдайға, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы аумағында енгізілген күрделенген карантиндік режимге қарамастан аймақ халқын 24 сағат бойы сумен қамтамасыз етіп жатырған “Батыс Су арнасы” ЖШС-не алғыс айтады.

Атап айтқанда, Орал қаласында апатты су арналарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін «Су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану» бригадасына және оның басшысы М.Гороховқа, сонымен қатар, «Кәріз желілер» бригадасы және оның басшысы Б.Масалимовке ерекше алғыстарын жеткізеді.

Бүгінгі таңда “Батыс Су арнасы” ЖШС жанындағы салалық кәсіподақ ұйымында 900-ге жуық мүше бар. Кәсіподақ еңбек қаһармандарына өз ризашылықтарын жеткізеді.