#Еңбекадамдарынарақмет алғыс айту акциясы аясында: Бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі еңбегі

Төтенше жағдай режимі кезеңінде Ақтөбе облыстық телеарнасының қызметкерлері дамыл таппай, еңбек етуде.

-Бүгінде телеарна қызметкерлерінің дені қашықтықтан жұмыс жасауда. Қазір жаңалықтар қызметі эфирге күніне 2 рет шығады, – дейді телеарна директорының орынбасары Əлия Таласова.

Сонымен қатар, күн сайын тікелей эфирде “Індет пен міндет” атты арнайы хабар шығарылып отырады. Бағдарламада ақтөбеліктерді алаңдатып отырған сауалдарға облыстық штаб өкілдері, жергілікті атқарушы билік пен құзырлы мемлекеттік орган өкілдері жауап береді.

Сондай-ақ, ақтөбеліктерді елдегі және әлемдегі соңғы жаңалықтармен “Ақпараттық сағат” арнайы бағдарламасы хабардар етеді.

ҚРКФ Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі сенімді ақпарат көзіне айналған телеарна журналистеріне ризашылығын білдіреді!