#Еңбекадамдарынарақмет челленджі аясында кәсіподақтар дезинфекциялаушы мамандарға алғыс айтады

ҚР Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі қиын сәтте жұмыста қалып, елеулі еңбек атқарып жатқан Еңбек адамдарына алғыс айту челленджін бастады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирустың алдын алу шаралары жүйелі жүргізіліп келеді. Осы орайда қиын сәтте індеттің таралуына жол бермеу үшін дезинфекторлардың жұмысын айрықша атап өту қажет.

Осындай жандардың бірі – Лена Ташенова. Лена Ташенова Шымкент қаласында 3 тұрғын үй кешенінің (Мәншүк Мәметова көшесі, 89 үй, Тәуке Хан даңғылы, 4 үй, Ж.Тәшенов көшесі, 29 үй) төрайымы болғанымен қатар, дезинфекция (дәрілеу) жұмыстарын өзі атқарады.

“Железков” ЖК құрып, 1 ақпаннан бастап 3 тұрғын үй кешеніне аптасына 3 рет дезинфекция жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлері аулаларды тазалап, осылайша инфекцияның таралып, аурудың көбейіп кетпесі үшін еңбек етуде.


“Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық бірлестігінің қызметкерлері мен “Келешек” жастар кеңесінің мүшелері Лена Ташеноваға қала тұрғындары үшін жұмыста болып, денсаулығы үшін жасап отырған өте маңызды қадамдарын ескеріп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны үшін алғыс айтып барды.

Екі баланың анасы ғана емес, жүрегі кең Лена Ташеноваға қала тұрғындарының денсаулығын бірінші орынға қойып, командасымен бірге тазалық жұмыстарын атқарып жүргені үшін өзіне және қызметкерлеріне алғыс айтамыз!

#КәсіподақРақмет #Еңбекадамдарынарақмет