Ақтөбеде бастауыш кəсіподақ ұйымы мүшелері жаңа əн жазды

Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясының əншілері жергілікті композитор Орал Байсеңгірдің сөзіне жаңа əн жазды. Бейнебаян дайындады.
Əн ауызбірлік пен жауапкершілік,сабырлық нәтижесінде қиындықтарды бірлесіп жеңуге шақырады.”Облыстық филармония əншілері түгелдей дерлік бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері. Төрткүл дүниеге тараған індеттің алдын алу,оған тосқауыл болу жолында өнер адамдары да өз үлестерін қосуда” ,дейді Ақтөбе облысы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрайымы Назира Табылдинова.
Жаңа əннің авторлары бастауыш кəсіподақ ұйымының мүшелері.Сөзін жазған танымал жергілікті сазгер Орал Байсеңгір мен айтыс ақыны Марат Ахметов.Əнін жазған əнші,сазгер Дулат Айтжанов.
Бейнебаянда əнді Дулат Айтжановпен бірге Ақтөбе облыстық филармонияның белгілі әншілері ҚР еңбегі сінген қайраткері Марат Айтимов , мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұркасимова, талантты әртістер және 11 жастағы республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Шәмші Самғатұлы орындайды . Бұл қиын кездері ел еңсесін көтеруге арналған,көңілдерге жылылық ұялататын сазды əуеннің сөзі де əні де мағыналы.Ақтөбе облысы кəсіподақтар орталығы мен мәдениет саласы қызметкерлерінің салалық кəсіподағы 300 ден астам мүшесі бар іргелі мекеме ұжым қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

#БізБіргеміз