Кәсіподақтың игі істері

Жамбыл облысы мәдениет, ақпарат және спорт мекемелерінің кәсіподақ мүшелері мемлекеттімізде жарияланған пандемия кезіндегі маска тапшылығына байланысты әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға 3000 мыңнан аса маска тігіліп таратылды.
Осы игі іске Мойынқұм ауданы “Бірлік” ауылдық клубының “Әжелер” ансамблінің мүшелері де атсалысып, ауыл тұрғындарына маска тігіп таратты.
Сарысу және Т.Рыскулов аудандық мәдениет үйлеріндегі әдістемелік бөлмелерді шағын тігін цехыне айналдырып, маска тігіп жағдай төмен отбасыларына, көп балалы отбасыларына таратуда.
Сонымен қатар, антисептиктерде көптеп таратылды. Жамбыл ауданының Аса аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тұрғындарға антисептиктер таратуды қолға алды.
Жамбыл Облыстық орыс драма театрының қызметкерлері интернет арқылы «Артист дома», «Пойте с нами», «Играй со мной», тағы басқа түрлі рубрикалар ашып, өз өнерлерін халыққа ұсынуда. Сонымен қатар облыстық кітапханалар халыққа кітаптар қорын онлайн арқылы күнде бір кітаппен таныстырып және сұрақ жауап викторинасын ұсынып отыр.
Өз кезегінде Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы әртістері желіде онлайн концерттерін ұсынып, күнде бір әртістің шығармашылығы туралы мәліметтер жариялауда.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Жамбыл облысы мәдениет, ақпарат және спорт мекемелері қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің игі істері халықтың қолдауын табуда.