Кәсіподақтар COVID-19 қарсы күрес шараларына белсенді көмек көрсетуде

Ақтөбеде «SENIM» салалық кәсіподағы COVID-19 қарсы күрес шараларына белсенді көмек көрсетуде.

Қаладағы «Фармакс-2» серіктестерімен келісім шарт жасалып, 414 мың теңгеден астам қаржыға қажетті медициналық заттар алынды. «Денсаулық» жеке кәсіпкерлігімен 100 дана төсек жаймалары мен 30 обаға қарсы арнайы костюмдер сатып алынды.

Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы бастауыш ұйым мүшелеріне жан-жақты қолдау танытып, осы күндері барлығын қоса есептегенде, 5 млн 386 мың теңгеден астам қаржыға материалдық қолдау көрсетілді.

Күн сайын төтенше жағдай кезінде коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина мамандарына барлық көмек жасалуда. Кәсіподақ өкілдері орта мектептердегі медбикелердің жалақыларының уақытылы өтелетінін де назарда ұстап отыр. Кәсіподақ күн сайын медицина қызметкерлеріне тегін кеңес беріп, қиын кездері еңбек құқықтарының сақталуына көмек көрсетуде. #бізбіргеміз