БҚО бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері “Ел үшін игі іс” бастамасын жалғастыруда

Елімізде жарияланған төтенше жағдай көптеген әлеуметтік ортаның қалыптасқан өмір тіршілігінің өзгеруіне алып келді. Əлемде кеңінен таралып жатқан індетті жою үшін, таралмауына себепші болу əр адамның тазалығы мен сақтық шаралары – бірінші орында.

Мұны Батыс Қазақстан облысы кәсіподақ мүшелері де айтып келеді. #Bizbirgemiz акциясы аясында Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің еріктілері, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері көпреттік пайдалануға болатын бетперде (маска) тігіп, аудан орталығындағы ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға тегін таратты.

Тұрғындар кәсіподақ мамандарының бастамасына өз ризашылықтарын жеткізді.

#bizbirgemiz
#kasipodaq