Төтенше жағдай режимінде онлайн оқыту жүргізілді

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды ескере отырып, салалық кәсіподақтардың аймақтық құрылымдарымен бірлесіп, келісім комиссиясының мүшелері үшін «Келіссөздер жүргізе білу, еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу, жеке еңбек дауларын шешу және кәсіпорындардағы келісім комиссиясының қызметі» тақырыбында онлайн режимінде оқыту семинарын өтеусіз негізде өткізуді ұйымдастырды.

Дәріскер Света Шардарбекова – Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы Татуласу орталығының жетекшісі, сертификатталған жаттықтырушы-медиатор, жеке еңбек дауларын қарау институтының жұмыс механизмдері туралы айтып, сондай-ақ медиативтік әдістерді қолдана отырып, еңбек дауларын шешу процесінің мысалдарын жүргізді.

Оқыту семинарына қатысушылар өз кезегінде төтенше жағдай кезінде еңбек заңнамасын іс жүзінде қолдану бойынша онлайн курстарды өткізудің қажеттілігі мен өзектілігін атап өтті.
Оқыту онлайн семинарына кәсіподақтардың 67 мүшесі белсенді қатысты: Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы, Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды филиалы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы, Қазақстандық салалық орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіптік одағының «YNTYMAQ Қарағанды облыстық филиалы», Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері, Қазақстандық салалық Энергетиктер кәсіподағының энергетикалық компаниялар тобының қызметкерлері қатысты.

Барлық қатысушылардың лекторға және Қарағанды облысының салалық кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының басшыларына үш күн ішінде сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.