Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлерінің еңбегі елеулі

Елдегі төтенше жағдай кезінде және коронавирустық індетке байланысты қиын уақытта Маңғыстау облысының медицина қызметкерлері алғашқы күндерден бастап, денсаулық сақтау мен қорғауды күзетіп келеді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы облыста коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысатын медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуде. Медицина қызметкерлері – коронавирус індетімен күресудің басты кейіпкерлері, алайда өз жұмысын жасау үшін оларға жиі қарапайым заттар: маскалар, қолғаптар және қорғаныш костюмдері жетіспеуі мүмкін.

«BIZBIRGEMIZ» жалпыұлттық акциясы аясында кәсіподақ инфекциялық және провизорлық стационарларға, жедел жәрдем және жергілікті блокпосттарға маскалар және бірінші қажеттіліктегі өнімдер мен ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастыруда. Осы төтенше жағдай кезінде бірқатар іс-шаралар өткізілуіне кәсіподақтан 1,5 млн. қаражат бөлінді.

«SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы біздің қоғамымыз үшін күрделі кезеңді, әсіресе медицина қызметкерлерінің зор жауапкершілігі мен батырлық еңбегін зор бағалайды.

Қымбатты біздің медицина қызметкерлеріміз! Сіздің қазіргі жағдайлардағы жұмысыңыз – ерлік! Біз Сіздің еңбегіңіз үшін рахмет айтамыз. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз! Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық және күш-қуат тілейміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Барлық қазақстандықтарды осы шиеленіскен уақытта халықтың денсаулығы үшін алдыңғы қатарда қызмет атқарып жатырған медицина қызметкерлерін қолдауға шақырамыз. Тек қатаң тәртіп пен барлық ережелерді орындау бізге вирусқа қарсы күресте жеңіске жетуге және барлық қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретіндігіне сенеміз. Бірге біз жеңеміз! #BIZBIRGEMIZ