Кәсіподақ медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті

Республикалық #БізБіргеміз акциясы аясында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының құрамындағы 34 мекеменің 130 қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді.

Купондарды салалық кәсіподақ төрағасы Ерқозы Батырбеков тапсырды. Бұл купондарға медицина қызметкерлері «METRO» сауда орталығынан өздеріне қажетті азық-түлік ала алады.

Қиын сәтте адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, өз кезегінде медицина қызметкерлері кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді.