Мәселе оң шешілді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының мониторинг тобының ақпараты бойынша, COVID-19 жағдайлары тіркелген және қауіп тобына енбеген өңірлерде халықтың шұғыл шақыруын қамтамасыз ететін облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің санаты облыстық бюджет қаражатынан 2020 жылдың наурыз айына 69 млн.теңгеге үстеме ақы алды.

Сонымен қатар, Әкімдік пен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, медициналық жедел жәрдемнің екінші шағын станциясының медицина қызметкерлерін санитарлық нормаларға толық сәйкес келетін босаған ғимаратқа көшіру мәселесі шешімін тапты. Жедел медициналық көмек станциясының қызметкерлері қажетті мөлшерде жеке қорғану құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен жабдықталған.

«SENIM» облыстық филиалының өкілдері Қарағанды қаласының 2-ші және 5-ші шағын станцияларының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді, онда COVID-19 жағдайы және төтенше жағдай кезіндегі еңбекақы төлеу мәселелері түсіндірілді.