Қиын уақытта қолдау маңызды

Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында азаматтардың аса мұқтаж санаттарына тегін азық-түлік жиынтығын тарату жүзеге асырылуда. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ автокөлік басқармасының төрағасы Олег Махмутовтың басшылығымен өндіріс ардагерлері үшін «Biz birgemiz» ұранымен қайырымдылық акциясы өткізіліп, игі істерден тыс қалмау туралы шешім қабылданды.

Осы акцияны өткізуді «КАЗПРОФМЕТАЛЛ» өнеркәсіптік тау-кен металлургиялық кәсіподағының “Жақтау” металлургиялық одағының төрағасы Виктор Щетинин және «АрселорМиттал Теміртау» автомобиль бөлімінің бастығы Александр Полонник, сондай-ақ кәсіподақ активі бөлімшелері қолдады. Автокөлік басқармасының кәсіподақ комитетінің қаражатына ұн, жарма, макарон, май, сүт, печенье, қант, конфеттер және басқа да өнімдер, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттары, оның ішінде сабын және дәретхана қағазы сатып алынды. Азық-түлік тауарлары 70 жастан асқан, өз бетімен үйден шығу қиындық тудыратын 45 ардагерлерге таратылды.

Азық-түлік жиынтығын тасымалдауға және таратуға автоцех жұмысшылары белсенді қатысты, осы мақсатқа арнайы көлік берілді. Айта кету керек, көптеген ардагерлер үшін мұндай қамқорлық күтпеген жағдай болды, кейбір ақсақалдардың тіпті көңілі босап, жылады. 45-тен 39 жиынтық табыс етілді. Қалған мекен-жайларға жетпеген алтысы, активтерге олардың орналасқан жері белгісіз болғандықтан, цех қызметкерлерінің көп балалы отбасыларына беру туралы шешім қабылданды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ автокөлік басқармасында бұл акция – соңғы емес екеніне үміттенеді, себебі көмек қолын созуға болатын адамдар металлургтер қаласында аз емес.

Металлургиялық комбинаттың автокөлік басқармасының кәсіподақ комитеті: «Жақтау» кәсіподағына және оның төрағасы Виктор Щетининге, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ автокөлік басқармасының бастығы Александр Полонник пен жұмысшылар Дмитрий Щербинин, Иван Дмитренко, Владимир Степанов, Мария Борисова, Анна Хвостова, Лариса Романовқа алғыс білдіреді.