Қоғамды энергиямен қамтамасыз ететін #Еңбекадамдарынарахмет

Төтенше жағдай кезінде тіршілікті қамтамасыз ету жолында “Серіктес” жергілікті кәсіподағының бастауыш ұйымы, атап айтқанда Алматы қаласының энергия қауіпсіздігі қауіпті және зиянды факторларға қарамастан, қажет болған жағдайда тәуліктің түнгі уақытында және қолайсыз ауа-райы жағдайында авария туындаған жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуін тоқтатпады.

Кәсіпорын қалыптасқан төтенше жағдайды түсіне отырып, қызметкерлерді денсаулығына зиян тимеу үшін алдын алу мәселелері мен жеке бас гигиенасын сақтауға барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

Осы төтенше жағдай кезінде “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ РЭС-7 кәбіл желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, кәсіподақ мүшесі Кесекбаев Бауыржан Ерболатұлына алғысымызды білдіреміз. Осы кәсіпорында жұмыс өтілі 11 жыл, кәмелетке толмаған үш баланың әкесі, отбасының қамқоршысы. Денсаулығына қауіп төндіру дәрежесі бар болса да, оған жүктелген жауапкершілік жүгін сезіне отырып, өзінің еңбек қызметін жалғастырып келеді.

“Компания басшылығы қарапайым қызметкерлерге қамқорлық жасауда, осы ретте басшылыққа алғысымды білдіргім келеді. Індет кезінде төтенше жағдай жарияланса да, біздің жұмысымыз тоқтап қалмауы керек екенін түсінемін, себебі қоғамды энергиямен қамтамасыз ету бізге байланысты. Кәсіпорын бізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті: маскалар, қолғаптар үнемі ауыстырылып отырады, дезинфекциялық құралдарда берілді. Жұмыс басталар алдында және аяқталғаннан кейін тұрақты медициналық тексерістер жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің иммунитетін көтеру үшін витаминдік кешенмен де қамтамасыз етті” – дейді Бауыржан Ерболатұлы.

#Еңбекадамдарынарахмет
#Кәсіподақрахмет