Үлкенге – құрмет

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесі, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің еріктілер тобы колледжде талай жылдар еңбек етіп, оқу орнының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан зейнеткерлер Ү. Қуатбековке, Ж. Акажановқа, Қ. Құсмолдиноваға, К. Идрисоваға, Ш. Нұхтарханға, Е. Ткенбаевқа, А. Кисирядоваға қазіргі төтенше жағдайға байланысты үйлерінен ұзап шыға алмай отырғандарына байланысты азық-түлік жеткізіп, қолұштарын берді.

“Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді” дегендей, қарттарымыз шексіз ризашылықтарын білдіріп, колледж басшысы А. Джумадилов пен ұжым мүшелеріне амандық пен саулық тіледі.