Әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлері қарттарға қолдау танытуда

Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының» Алматы қалалық филиалының бастауыш ұйымы –  № 3 Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлеріне зор алғыс білдіреміз!

Орталық қызметкерлері үйлеріне қайтпай, күні-түні қариялардың қасында өз жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіподақ мүшесі, фельдшер Тұрғанов Назымжан қарттардың күнделікті термометриясын, олардың жағдайын бақылауда ұстап келеді.

Кәсіподақ мүшесі, орталық психологы Салтанат Туркменбаевна да өзінің жұмысын тоқтатпай, қариялардың көңіл-күйін өз бақылауында ұстауда. Сонымен қатар, орталық қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстарында өздері жүргізуде.

Қарттар үйіндегі ата-апаларға, мүгедек жандарға бар көңіл ықыласын беріп жатқан жандарға осындай кезеңде ерлік көрсетіп жүрген орталық басшылығы мен қызметкерлеріне мың алғыс!