Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы өз жұмысын жаңа форматта ұйымдастыруда

Облыстық ұйымның төрағалары, заңгерлері төтенше жағдай жариялануына байланысты өз жұмысын жаңа форматта ұйымдастырып, тәулік бойы кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарына жауап беруде.

Білім мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, кәсіподақ қызметкерлері әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, арақашықтық арқылы 593 адамға ауызша және 28 жазбаша құқықтық көмек көресетілген болатын.

«Фаворит калькулятор» республикалық желісіне, Инстаграмм парақшасындағы дайректке келген сұрақтарға да жауаптар беріліп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ чатымен байланыс үнемі жүзеге асырылып, аудандық және бастауыш кәсіподақтарымен тығыз байланыс жасалып тұрады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымы «Сұрақтарға жауап береміз» айдарымен әлеуметтік желі арқылы бүгінгі таңдағы жағдайға байланысты еңбек қатынастары сұрақтары бойынша құқықтық және заңгерлік кеңес беру қызметін көрсетіп келеді.

Мысалы, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Кешкі әңгіме» токшоуы тікелей эфирінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Сұлтанғалиева әріптестерімен бірге 2000-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде, кәсіподақ ұйымының қайырымдылық шаралары, төтенше жағдайда қандай көмектер ұсынылатыны, кәсіподақ мүшелерінің демалысы туралы, жазғы балалар лагеріне жолдама т.с.с. сұрақтарға толық мәліметтер берді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы аталған бағыттар бойынша өз жұмысын әрі қарай жалғатыруда.