Берік Бекжанов “Qala uaqyty” бағдарламасының қонағы

Ontustik телеарнасының “Qala uaqyty” бағдарламасының бүгінгі қонағы – “Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов. Берік Айдарбекұлы бағдарлама барысында төтенше жағдай кезінде кәсіподақтар тарапынан атқарылып жатқан ауқымды шаралар барысында кеңінен айтып өтті. Кәсіподақтар «Біз біргеміз!» акциясы аясында қиын шақта күндіз-түні еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне барынша жәрдемін ұсынып, қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласының аудан-қалалармен шекаралас жатқан блок-бекеттерде қызмет ететін медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз еткенін мәлімдеген болатынбыз. Кәсіподақ қызметкерлері жомарттық танытып, “Көксарай” мейрамханасына арнайы тапсырыс беріп, екі күн қатарынан түскі және кешкі мезгіл ас ауқат үлестірді. Осы қысылтаяң шақта арнайы қор құрып, 12 блок-посттың 160 медицина қызметкеріне ас-ауқат жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан 3 бірдей медицина мекемесіне қаржылай қолдау көрсетілді. Шымкент қалалық №2 көпсалалы ауруханасына 200 000 теңге, “ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа” 300 000 теңге, сондай-ақ, қалалық Жедел жәрдем станциясына 200 000 теңгелік сертификат табысталды. Кәсіподақ – ең әділ әрі тә­уел­сіз ұйым. Сондықтан еңбек адамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуде рөлі жоғары. Ары қарай бүгінгі жарық көрген бағдарламаны назарыңызға ұсынамыз.