Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігі Ақтөбе кәсіподақтарының толық бақылауында

Төтенше жағдай кезінде кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен еңбек қауіпсіздігі жағдайларның сақталуын қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрған мәселе.
Қазіргі таңда, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өңірдің ең ірі мұнай компаниясының кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік комиссиясының жұмысы аясында төтенше жағдай кезінде вахтадан ауыспай қалған кен орындарындағы жұмысшылардың, сонымен қатар вахтаға бара алмай қалған жұмысшылардың құқықтарын қорғауға, оларды еңбекақылырын Ұжымдық шарт талабына сәйкес дұрыс есептелуіне өздері ат салысып жұмысшылардың пайдасына шешілуіне әсерін тигізді.
Сонымен қатар вахтадағы қызметкерлердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мақсатында медициналық қорғаныс құралдарын (медициналық бетперде, антисептик және т.б.), дизенфекциялау құралдарын алуға қосымша 400 мыңнан астам теңге бөліп, олардың мақсатты таратылуына бақылау жасауда. Кәсіподақ ұйымының ұсынысымен Жаңажол вахталық ауылындағы «Медикер» медициналық пункті қосымша дәрі-дәрмектермен толықтырылды және вахталық ауылдағы азық-түлік дүкеннің жұмысын жұмысшылар үшін ыңғайлы етіп өзгертті.
Жалпы ұйымның кәсіподақ үшін басты мақсат – төтенше жағдай кезінде еңбекшілердің еңбек құқықтарының сақталуы және оларға әлеуметтік қолдау көрсету болып келеді.