Қызылордада ​ індетпен күрескен 366 медициналық қызметкерге​ үстемақы төленді

Қызылорда облысында Коронавирус індетімен күреске жұмылдырылған 366 медицина қызметкері не 54 миллион 300 мың теңге көлемінде үстемақы төленді.

Үстемақыны төлеу төтенше жағдай кезінде коронавирус індетімен күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге қаралған төлем ретінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. ​ Мамандарға үстемақы ​ жұмыс жасау орынының қауіптілігіне қарай үш санатқа бөлініп, 1 айға ​ яғни ​ I санаттағы қауіптілігі аса жоғарылар еңбекақысына қоса 850 мың теңге,​ II санаттағы қауіптілігі жоғары мамандарға​ 425 мың теңге, қауіптілігі орташа деп көрсетілген III санат қызметкерлеріне 212,5 мың теңгекөлемінде белгіленді.

Жалақысына қосымша үстемеақы індетпен күрес бағытында стационарлық, карантиндік, провизорлық, инфекциялық ​ ауруларды ​ емдеу орындарында жұмыс жасайтын мамандардың наурыз айындағы нақты жұмыс жасаған уақыттарына сәйкес, төленді.​ Аймақта вирусты жұқтыру жағдайы алғаш рет 28 наурыз күні тіркелген болатын. ​ Қызылорда облысында 2020 жылдың 16 сәуіріне індетті жұқтырғандардың саны 131, оның ішінде 6 науқас жазылып шықты. ​