Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы облыс әкімінің қабылдауында болды

Аймақ басшысының қабылдауында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов төтенше жағдай кезеңінде өңірдегі кәсіподақ ұйымдарымен атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады.

С.Сермағамбетов​ облыстық кәсіподақтар штабының құрылғандығын, штабпен еңбек ұжымдарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жасалып, жұмысшылардың ақылы, ақысыз демалысқа шығуы, қашықтықтан жұмыс жасауы, еңбекке жарамсыздық туралы шұғыл ақпараттар жинақталатындығы, қызу желі жұмыс жасап, оған келіп түскен сұрақтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқандығы туралы айтты.

«Қызу желіге жүгінген жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге еңбек жағдайлары бойынша құқықтық көмек көрсетілуде. Желіге ағымдағы жылдың 16 сәуіріне дейін 284 хабарласу жасалып, сұрақтарға тиісті мамандар сала бойынша жауап берді, сонымен қатар кәсіподақтар індетпен күрес кезінде кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуемттік жағдайларына да қолдау, көмек жасап жатыр. Қазірде төтенше жағдай жарияланғалы облыстағы кәсіподақ ұйымдарымен барлығы 17​ млн 917мың​ 500 теңге қаражат қолдау шараларына жұмсалды» деді облыстың кәсіподақ көшбасшысы.

Облыстық кәсіподақ ұйымдарымен барлығы 16 миллион 487 мың қаражатқа 1138 кәсіподақ мүшесі отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетіліп, 1 миллион 430 мың 500 теңге қаражат кәсіподақ мүшелерін бетперделермен қамтуға, медициналық мекемелерге індетпен күрес бағытындағы құралдар алуға көмекке бөлінген.

Сонымен қатар, Серік Сермағамбетов ауыл шаруашылығында үздіксіз жұмыс жалғасуы үшін арнайы ​ техникалардың қосалқы бөлшектерін сату орындарының (дүкендердің) жұмыс жүргізуіне рұксат берілуі, ақпарат жүйесін пайдалана отырып спорттық жаттығу, психолог кеңестерін ұйымдастыру, індетке шалдығуына жоғары қаупы бар,ең төменгі жалақы алатын коммуналдық шаруашылық жұмыскеркерлеріне үстеме ақы төлеу туралы өз ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова кездесуде төтенше жағдай кезеңіндегі еңбек нарығының жағдайы, оны реттеу шаралары бойынша кәсіподақтармен бірлесе атқарылатын жұмыстарды талқылай келе, кәсіподақтар тарапынан жасалған ұсыныстар бойынша оң пікірін білдірді. Облыс әкімі аймақтың еңбек-әлеуметтік ахуалы тұрақтылығындағы кәсіподақтар ролін атап өтіп, ел басына түскен коронавирус індетімен күрес кезеңіндегі аймақ кәсіподақтарының қолдау шаралары үшін алғыс айтты.