Медициналық қызмет көрсетушілерді қолдау

Өңіріміздегі төтенше жағдайға және коронавирустың таралуына қарсы күрес шаралары бойынша күнделікті мониторинг жүргізу аясында «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің төрағасы Тұманов Мержан және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Нұрпеисова Дина облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Титанов Қуатпен кездесті. Кездесу барысында басшы провизорлық станционардың және мұнда қызмет көрсетіп жатырған медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайымен таныстырды.
Басшылық жұмыскерлердін қамын ойлауда, кезекшілік кезінде демалатын орындары бар. Қосымша еңбекақы төленді. Ұжым арасындағы ауызбіршілігі туралы айта кететін болсақ, төтенше жағдай мен қызу жұмыстарына қарамастан профессионалды түрде жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсетіп қызметтерін атқаруда. Медициналық қорғау құралдарын өндіретін жерлермен тікелей байланысып, алдағы уақытта медқызметкерлерге қорғаныс костюмдер мен керекті құралдармен қамтамасыз етіледі. Жұмыс онымен тоқтамай, қарқынды жүруде.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағалары облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының жұмыскерлерімен кездесіп, олардың жалпы жағдайы, тамақтану және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша туындаған проблемаларға қатысты қандай да бір өтініштері болса, төтенше жағдай кезінде медициналық қызметкерлердің өтемақы төлемдерін алуға қатысты мәселелеріне кәсіподақпен түсініктемелер берілетіндігін айтты.
Айта кетейік, коронавирусқа қарсы күреске тартылған 254 медицина қызметкерлеріне 51,2 млн теңге көлемінде үстемақы берілді. Ал, әкімдіктен жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді.
Карантиндік және провизорлық аурухана қызметкерлері Ақтау қаласының 3 ш/а орналасқан «SILK WAY» қонақ үйінде орналастырылған. Әкімдікпен КВИ-мен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін үш мезгілдік ыстық тамақ камтамасыз етілген. «SENIM» филиалымен медицина қызметкерлеріне қосымша көмек ретінде жеміс-жидек, су, табиғи шырындар жеткізіліп отыр.