Оң нәтиже!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы салалық кәсіподақтарының өңірлік құрылымдарымен бірлесіп  ұйымдастырған кәсіпорындар мен ұйымдардың келісім комиссиясының мүшелеріне арналған «Келіссөздер жүргізе білу, еңбек даулары бойынша консенсусқа қол жеткізу, жеке еңбек дауларын шешу және кәсіпорындардағы келісім комиссиясының қызметі» тақырыбында алғаш рет онлайн режимінде өткізілген оқыту семинары аяқталды.

Семинар жұмысы барысында қатысушылар келесі өзекті мәселелерді қарастырды:

– Еңбек дауы туындаған кезде қызметкер келісім комиссиясына өтіп, бірден сотқа жүгіне алады ма?

-Қызметкердің келісім комиссиясына немесе сотқа өтініш беруге қандай жағдай негіз болып табылады?

– Келісім комиссиясының  сотта тікелей рөлі қандай?

– Егер жұмыс беруші келісім комиссиясының қызметкердің пайдасына шешіміне қарсы болса және өз шешімін тәртіппен қабылдайтын болса не істеу керек?

– Байланыста болу қиын адамдармен тиімді қарым-қатынас жасаудың қандай тәсілдері бар?

Онлайн режимге қарамастан, семинар жұмысы қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді, семинар барысында айтылған барлық сұрақтарға дәріскер нақты, толық жауап берді.

Елдегі төтенше жағдайға  және Қарағанды аймағында карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты сертификаттар «Kazpost» АҚ-ның тапсырыстық хаттарымен әрбір адресатқа жеткізіледі.

Дәріскер, медиатор-тренер Света Шардарбекова семинар жайлы өз әсерлерімен бөлісті: «Осындай семинарларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу, әрине, кәсіби педагогтердің жұмысына пайда әкеледі, олардың ой-өрісін арттырады, жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін өз кәсіподақ ұйымдарында іс жүзінде өз біліктігін  қолдануға мүмкіндік береді! Бұл, әрине, біздің осындай тәртіптегі алғашқы семинар, бірақ біз бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өтінімдері бойынша келесі оқыту семинарын міндетті емес негізде өткізуге дайынбыз».

Дәріс соңында дәріскер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тыңдаушыларға зор ризашылығын білдірді.