Әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда 

Мемлекет басшысы жариялаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде Тараз қаласы әкімінің өкімімен төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жұмыс тобына Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Бауыржан Қоңырбаев енгізілді .Бүгінде осы төтенше жағдай кезеңінде табысын жоғалтқан азаматтарға 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру және есептеу бойынша жұмыс тұрақты жүргізілуде.  Осыған орай, мәжбүрлі жұмысын тоқтатқан, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар және бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер (БЖТ)  «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы, «Jambyl42500Bot» және 42500 enbek.kz сайты арқылы өтініштерін өткізуде.2020 жылдың 20-шы сәуіріне Тараз қалалық жедел жұмыс тобымен 18-рет отырыс өткізіліп, 424 жұмыс берушінің құжаттары қаралып, 2904 азаматқа 42500 төленді.