Әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау жалғасуда

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылғандарға МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді ұйымдастыру және тағайындау жөніндегі Қалалық штаб мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жұмаштың мәліметінше, бүгінгі таңда елордамыздағы 10 058 мекеменің 35​ 000 жұмыскерінен өтініш түсті. Соның ішінде, штаб отырысының қорытындысы негізінде 4501 мекеменің атынан келіп түскен 27 434 адамның және «42500.enbek.kz» еңбек нарығы ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылған 7566 жұмыскердің өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жолданды. Ал, 5557 адамның құжаттары толықтыру үшін ​ кері қайтарылды.​

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ орталығы.