Ақтөбеде 160 мыңнан астам адам 42500 теңгеден алды

Қазір мыңдаған тұрғындардың өтініші қаралып жатыр.Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған Ақтөбе облысының тұрғындары 42500 теңгеге өтініш беруде .Олардың арасында көп балалы аналар мен ақысыз демалысқа шыққандар да бар. Ойыл ауданының тұрғыны Гүлсім Елекбаева, мемлекет тарапынан əлеуметтік қолдау ретінде ақшалай көмек көрсеткендері үшін Мемлекет басшысы мен Үкіметке ризашылығын білдірді. «Мен бірінші топ мүгедегімін.Үкіметтік бағдарламалардың көмегімен жеңілдетілген несие алып, жеке кəсіп аштым, іс тігемін.Қазір сақтық шаралары мейлінше күшейтілді.Ел барынша оқшауланып,үйлерінде отыр.Осы қиын кездері бізге қамқорлық жасап жатқаны үшін Мемлекет басшысы мен Үкіметке ризашылығымды білдіремін.»