Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі, І санатты дәрігер Гүлжанат Наурызованың күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жатқанына куә болып келеміз.
Бүгінде қаладағы ауруханалар дене қызуы бар және жедел респираторлық симптомдармен жеткізілген науқастарды арнайы жабдықталған фильтрлі кабинеттерде қабылдауда.
– Біздің фильтрлі кабинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан коронавирусқа байланысты анализдер алынып, диагносткадан өтеді. Мұндағы медперсонал толығымен қорғаныш құралдарымен және киімдермен қамтылған. Біздің мақсат – науқастарға дер кезінде көмек көрсету, індеттің тарауын ауыздықтау, – дейді Гүлжанат Маханбетәліқызы.
Елімізге төтенше жағдай енгізілгелі отбасындағы 3 ұл-қызын көруді сиреткен Г.Маханбетәліқызы сын сағатта науқастарға қол ұшын созуды мерейлі міндет, санайды. Сондықтан да, “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан алғысымызды жеткізсек дейміз