Бүгінгінің батыры

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі, І санатты дәрігер Гүлжанат Наурызо­ваның күшейтіл­ген режимде тынымсыз еңбек етіп жатқанына куә болып келеміз.
Бүгінде қаладағы аур­уханалар дене қызуы бар және жедел респи­раторлық симптомдарм­ен жеткізілген науқа­старды арнайы жабдық­талған фильтрлі каби­неттерде қабылдауда.
– Біздің фильтрлі ка­бинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан коронавир­усқа байланысты анал­издер алынып, диагно­сткадан өтеді. Мұнда­ғы медперсонал толығымен қорғаныш құралд­арымен және киімдерм­ен қамтылған. Біздің мақсат – науқастарға дер кезінде көмек көрсету, індеттің та­рауын ауыздықтау, – де­йді Гүлжанат Маханбетәл­іқызы.
Елімізге төтенше жағ­дай енгізілгелі отба­сындағы 3 ұл-қызын көруді сиреткен Г.Мах­анбетәліқызы сын сағ­атта науқастарға қол ұшын созуды мерейлі міндет, санайды. Сондықтан да, “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан алғысымызды жеткізсек дейміз