Әлеуметтік көмек алуға көмектесті

Бүгінгі таңда “Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында” төтенше жағдай кезінде сенім телефоны жұмыс істеп отыр. Сенім телефонына 80-нен астам қоңырау келіп түсті. Көптеген хабарласушыларды 42500 теңге әлеуметтік көмекті алу жолдары мазалады. Қазіргі таңда “Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы” Түркістан облыстық филиалы төтенше жағдайда орын алған каратинге байланысты он-лайн режимде жұмыс жасап жатыр. Филиалдың бас маманы Г.Керімбекова үкімет белгілеген жәрдем ақыны алу бойынша тек кәсіподақ мүшелеріне ғана емес, халыққа көмегін аямауда. Соның бірі Түркістан қаласында тұратын бейресми жұмыс жасап жүрген екі баланың анасы А. есімді азаматшаға 2651 теңге ЕСП -і өзі төлеп, 42500 жәрдемін алуға көмектесті. Әлеуметтік көмекке ие болған азаматша кәсіподақ қызметкерлеріне алғысын жеткізді.