«Біз біргеміз!» акциясы белсенді жалғасуда

2020 жылдың 14-16 сәуір аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бәймбетова Тәрбия мен «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Тұманов Мейіржан, Маңғыстау және Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымдары мен әлеуметтік серіктес аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып, елімізде төтенше жағдай жариялануымен «Біз біргеміз» акциясы аясында білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған аз қамтылған отбасыларға, сонымен қатар зейнет жасындағы ардагер ұстаздарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Шараға Маңғыстау ауданында, білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы 45 жанұяға азық-түліктерді табысталса, Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы барлық бастауыш кәсіподақ төрайым-төрағалары да белсене атсалысты. Атап айтқанда, 88 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік топтамасы тарту етілді.

Акция барысында пандемия кезіндегі сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Облыстың кәсіподақ ұйымдары «Біз біргеміз» акциясы аясындағы қайырымдылық шараларды одан әрі де жалғастыра бермек.

Еліміздегі төтенше жағдай адам баласының қай жағынынан да болмасын өзіндік жағымсыз әсерін беретіні сөзсіз. Осындай сын сағаттарда “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы мен Түпқараған аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы коронавируспен күрес жағдайында білім саласындағы мектепке дейінгі және мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен бірлесе отырып қайырымдылық шараларын өткізді. Қалалық, аудандық білім саласының еңбек ардагерлері мен аз қамтылған отбасы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы азаматтарына қолдау көрсетілді.

Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымының филиалы «Біз біргеміз» акциясының аясында 66 отбасыға 607 500 тенгеге азық түлік, тұрмыстық заттардан құралған қоржындар дайындалып аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек қолдарын созды. Акция аясында Қарақия ауданына қатысты Құрық, Жетібай кенті, Мұнайшы станциясы, сонымен қатар алыс шалғайда орналасқан станция Болашақ және Қарақұдық, Аққұдық, Құланды, Сенек ауылдарының тұрғындары да қамтылды. Әр адамға: (ұн, қант макарон, күріш, сұйық май, ет консервілері, сүт, қаймақ, шәй, тәттілер, жемістер, кір жуу ұнтағы т.с.с.) тұрмыстық бірінші қажеттіліктегі нәрселер табысталды.

“Біз біргеміз” акциясына қатысқан мектеп пен балабақша қызметкерлері өздерінің ризалышықтарын білдіріп, осындай қамқорлық көрсетіп отырған облыс, аудандық кәсіподақ басшыларына, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары мен төрағаларына өз ризашылықтарын да жеткізді.

​Еліміз қиын жағдайдан аман өтіп шығу үшін бізге бірлік керек. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезініп, көмек керек жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз.