Кәсіподақ қолдау көрсетеді

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының бастамасымен Қарағанды облысының санитарлық бекеттерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкерлерге қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушысы Ерсін Абдулманафов әлеуметтік серіктесі «Евротрейд-инжиниринг» ЖШС басшысымен бірлесіп қызметкерлерге, соның ішінде блокпост жұмысына тартылған кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қаражат бөлді.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері және Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы жанындағы Волонтерлер қалалық штабының еріктілері 45 дана көп рет қолданылатын бетперделер, 53 жұп қолғап және 5 литр антисептикалық құралдар сатып алып, Теміртау қаласы бағытындағы блокпостқа жеткізді.

Төтенше жағдай кезінде белсенді жұмыс істегені үшін барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.