Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қымбатты достар!

Сіздерді  айлардың сұлтаны  қасиетті  Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Баршаңыздың ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!

Отыз күн оразада ықылас-пейілдеріңіз мейірімге ұласып, бір-бірімізге деген құрметіміз арта түссін.Оразадан оразаға аман-есен жеткенімізге қуаныш білдірісіп, жақсы амалдарымызды арттыра түсейік. Рамазан айында жанымыз ізгілікке бөленіп, жүрегіміз тазара түседі.

Бір-бірімізге кешіріммен,мейіріммен қарап,бүгінгі таңда жер жүзін қаусырып тұрған осынау бір індеттен аман-есен арылуға жазсын!  Рамазанның шапағаты барша адамзатқа амандық пен бақ-дәулет әкелсін!

Ізгі тілекпен, ҚРКФ төрағасының м.а           С.Т.Дәулеталин