Ақтөбеде диқандар егіске дайын

Ақтөбе кəсіподақ ұйымы диқандардың көктемгі егіс жұмыстарына қолдау көрсетуде. Облыста шаруалардың дені Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығын қолдау қоры филиалы жəне Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіске тұқым мен гербицид, жанар май жəне қосалқы бөлшектер алу үшін төмен пайызбен беріліп жатқан несиелерге қол жеткізді. Облыста карантин жарияланып,шектеу шаралары жүргізіліп жатқандықтан, көптеген шаруаларға жеңілдіктерді, қолжетімді бағдарламаларды кəсіподақ жетекшілері тікелей байланыс желісі арқылы түсіндіруде.
Диқандар көктемгі егіс жұмыстарына кірісті.Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай Үкімет шаруаларға мейлінше қолдау жасап отыр.Бүгінде көктемгі дала жұмыстары үшін ақтөбелік шаруалар жеңілдіктерге ие болуда. Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің салалық кəсіподағына қарасты бастауыш ұйым мүшелері COVID-19 пандемиясына орай жарияланған төтенше жағдай кезінде жанар-жағар май жəне тұқыммен қамтамасыз етуге мемлекеттен үлкен қолдау барын естіп, бір серпіліп қалдық,- дейді.
Кəсіподаққа мүше Əйтеке би ауданы “Комсомол”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Виктор Волонец биыл 12000 гектар алғанда бидай егуді қолға алған. Қазір егіс алқасында жұмыс қызып тұр. Шаруа көліктерінің қосалқы бөлшектері мен жанар майы үкіметтік жеңілдетілген несиесімен алған.Төтенше жағдай кезінде шаруалардың карантин тәртібінде дала жұмыстарымен айналысуына, ауданаралық, облыстық жолдармен жүрулеріне рұқсат жасалған.Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолданылатын игілігін көшіп отырмыз,- дейді .