Кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол

Қауіпті індет уақытында “Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлері» кәсіподағының қалалық филиалы өз қызметкерлеріне әлеуметтік-еңбек құқығы бойынша көмек ​ көрсетуде. Соның ішінде, Ақмола қалалық магистраль желісі бөлімшесі филиалының бастауыш ұйымы пойыздар қауіпсіздігі қозғалысын қамтамасыз етіп жүрген теміржолшыларға және 131 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын берді. «Вагон сервис» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының бастауыш ұйымдары барлық​ қызметкерлерін бетпердемен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, жас еріктілердің қолдауымен Қоянды, Талапкер, Қосшы, Тайтөбе ауылында тұратын зейнеткерлер мен мұқтаж отбасыларға азық-түлік апарып таратылды.