Əскери қызмет – абыройлы міндет

Ақтөбеде «Келешек» жастары бірлестігінің төрағасы төтенше жағдай кезінде өз еркімен сұранып арнайы жиында əскери міндетін атқаруда.

Ақылбек Шынтас елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың əсери есептегі азаматтарды арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығына сəйкес өз еркімен сұранып, індетпен қарсы күресте алдыңғы шепте жүр. Əскери шені офицер. Қазірде елді-мекендерге блокпост күзетінде тұру мен дезинфекция жұмыстарына белсенді ат салысып жүр. Сонымен қатар бүгінде тұрғындарға індеттің алдын алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.
Ақтөбе облысы кəсподақ орталығына қызметке келгеніне көп болмаса да,өзінің алғырлығы мен жауапкершілігін көрсете білді. Карантин басталғалы еріктілермен бірлесіп, қайырымдылық шаралар ұйымдастырып,мұқтаж отбасыларға əлеуметтік азық-түлік пакеттерін үлестірді. Кəсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға мейлінше үлес қосып, бастамашылық көсретіп жүр.
Біз, Ақтөбе облысы кəсіподақ орталығы ұжымы əріптесіміздің өз еркімен сұранып,арнайы əскери жиынға қосылып, ел азаматтарының тыныштығы мен жарқын болашағы жолында үлкен азаматтық ұстанымын, отансүйгіштігін, патриотизмін көрсете білгені үшін Ақылбек Шынтасқа ризамыз. Ол осы қиын кезеңде өз басын қатерге тігіп, COVID-19 індетін ауыздықтауға үлес қосып,”Келешек”жастарының беделін көтеріп,көпке үлгі болып жүр.