Біз біргеміз, бәрін бірге жеңеміз!

“Біз біргеміз” акциясы аясында “Құрылыс комплексі және ТҮКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мақтарал, Жетісай, Түлкібас, Сайрам, аудандарындағы мүгедек баласы бар және мүгедек азаматтар, аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасыларға тегін бетперде (маска) және ең қажетті болып табылатын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді. Толығымен 20 мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізіп берілді. Бөлінген ақшаға ұн, пісте май, шекер, шай, күріш, картоп, пияз, сәбіз және т.б азық-түлікер алынды. Азық-түліктің жалпы соммасы 190 000 (жүз тоқсан мың теңге) теңгені құрады. Кәсіподақ ұйымының атынан Түркістан қаласының тұрғыны Әли Ерболдың мүгедек баласына 40000 теңгенің коляскасы алып берілді. Сонымен қатар, 10-ға жуық кәсіподақ ардагерлеріне “COVID-19” індетінен сақтану шаралары түсіндіріліп, бетперде таратылды.