Біз біргеміз!

Еліміздегі өтенше жағдай кезінде көптеген жомарт жандар өз қаражаты есебінен қайырымдылық жасауда. «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясынан «NCOC N.V.» компаниясының кәсіподақ мүшелері де қалыс қалмады.
«NCOC N.V.» компаниясының кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Рамазановтың бастамасымен «Адал» Мұнай-газ кешені, сервистік және басқа компаниялардың жергілікті кәсіподағының қолдауымен, кәсіподақ мүшелері өз қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын отбасыларын азық түлік, дезинфекциялық қорғану заттарымен қамтамасыз етті. Тұрғындар өз тараптарынан , «NCOC N.V.» компаниясы кәсіподақ ұйымының мүшелерінің жұмысына абырой, жетістіктер тілеп, алғыстарын жеткізді. Қайырымдылық акциясы аясында Атырау қаласының Авангард, Водников, Жұмыскер, Ж.Молдағалиев көшесіндегі бірнеше жатақхана тұрғындарының отбасылары қамтылды.
Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының және «Адал» Мұнай-газ кешені, сервистік және басқа компаниялардың жергілікті кәсіподағының атынан «NCOC N.V.» компаниясының кәсіподақ ұйымының жұмысшылары, атап айтқанда электрик, операторларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сын-сағатта бірлікте болайық. Алла елімізге келген індеттен аман-сау өтуімізді нәсіп етсін! БІЗ БІРГЕМІЗ!!!