Жұмысшылардың денсаулығы мен өмірі – ең құнды нəрсе

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Ақтөбедегі «Ак-пром» серіктестігінің кəсіподақ ұйымы еңбек қауіпсіздігін аса насихаттауда.
Қазіргі еліміздегі төтенше жағдай кезінде өңірдегі ірі құрылыс компаниялардың бірі, «Ак-пром» серіктестігі өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.Компания жұмысшыларының кəсіби шеберлігі өте жоғары болғандықтан, өңірдегі маңызды нысандарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды. Мысалы, құрылысшылар Ақтөбедегі фероқорытпа зауытының жұмыс жасап тұрған цехтарының бірінің пештеріне қайта жөндеу жұмыстарын өткізуде.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Ак-пром» серіктестігінде ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар жастарға білгендерін айтып,ұрпақтар сабақтастығы ,жұмыстағы еңбек қауіпсіздігі туралы түсіндірді.Компания директоры Валентин Павлычев,бас инженер Константин Мацугин және аға прораб А.Горин мен С .Лаптин əрдайым жұмысшыларға қамқорлық танытып,оларға бар мүмкіндік жасауға тырысады.Сонымен қатар Ю.Каширин, В. Шилов, В.Потапенко секілді жұмысшылардың жауапкершіліктерін ерекше атап өтуге болады.
«Пандемия кезінде жұмысшыларымызға қауіпсіздік шараларын нақты түсіндіріп, олардың қорғаныс жабдықтарымен түгел қамтыдық. Əр күн сайын жұмысқа кірісер алдында тиісті нұсқамалық жүргізіледі. Жалпы бізде 60 астам жұмысшы бар, олардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлеміз, мекемеде бір де бір жазатайым оқиға тіркелмеді» – дейді бастауыш кəсіподақ ұйым төрайымының төрайымы Галина Булах .